Шын жүректен. Открывая сердце своё…

12 сәуір күні ШҚО мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасында шығысқазақстандық танымал жазушы-натуралист, ғалым-орнитолог, Шығыс Қазақстан флорасы мен фаунасының білгірі Б.Щербаковтың 80-жылдығына арналған, жазушының қатысуымен өткен Халықаралық интернет-сайыстың салтанаты ашылуы ұйымдастырылды.

Онлайн-тәртібінде Краснодар, Астрахань, Кемерово, Пушкино (Ресей), Алматы, Қарағанды, Петропавловск кітапханаларының мамандарымен және олардың оқырмандарымен сұхбат өткізілді. Сайысқа қатысуға шақыру ұсынысын Пушкино мен Кемерово (Ресей) қалаларының кітапханалары да қабыл алды. 

Борис Щербаковтың тамаша пьесасы «Старуха-Скрипуханың» ертегілік кейіпкерлерімен бірге ашылды. Тоғай декорациясы мен қолөнер шеберлерінің көрмесі шараны әрлендіре түсті. Қайың қабығы мен шпоннан жасалған бұйымдар, ойып жазу жазылған тастар мен басқа да заттар келушілердің қызығушылықтарын оятты.

Халық артистері ағайынды Абдуллиндер атындағы өнер училищесінің студенттері Ахмет Жұбановтың «Көктем», Эдвард Григтің «Весной» пьесаларын орындады.

 

0
00

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған